Оқу үшін тұрақты орын белгілеңіз
Мүмкіндік болса, баланың сабақ оқитын тұрақты орны болғаны дұрыс. Бұл жеке үстел немесе үйдегі арнайы ұйымдастырылған шағын оқу бұрышы болуы мүмкін.
Ең бастысы — балаға отыруға ыңғайлы болуы және сабақ кезінде айналасындағы артық заттар назарын бөлмеуі.
Жарыққа назар аударыңыз
Жұмыс үстелін табиғи жарық түсетін жерге орналастырған дұрыс. Кешкі уақытта немесе жарық жеткіліксіз болғанда үстел шамы қажет болады.
Жарық жұмыс аймағын жақсы жарықтандырып, кітапқа немесе дәптерге көлеңке түсірмеуі маңызды.
Үстел мен орындық ыңғайлы болуы керек
Сабақ кезінде бала ұзақ уақыт отыруы мүмкін, сондықтан үстел мен орындықтың ыңғайлылығына назар аударған жөн.
Отырғанда аяқтары тірекке немесе еденге жетіп, ал кітап пен дәптерге тым қатты еңкеюдің қажеті болмағаны дұрыс. Баланың бойы өскен сайын оқу орнын да қайта тексеріп отырған пайдалы.
Үстелде тек қажетті заттарды қалдырыңыз
Көптеген қаламдар, дәптерлер мен түрлі ұсақ заттар әдемі көрінгенімен, олардың бәрін үстел үстінде сақтау міндетті емес.
Күнделікті қолданылатын заттарды ғана қол астында қалдырып, қалғанын жәшіктерге, сөрелерге немесе органайзерлерге орналастыруға болады.
Бос әрі реттелген үстелде қажетті затты табу әлдеқайда оңай.
Кеңсе тауарларын реттеп сақтаңыз
Қаламдар мен қарындаштарды стақанға немесе органайзерге, дәптерлер мен қағаздарды бөлек папкаларға орналастыруға болады. Ал бояулар, қылқаламдар, желім және басқа шығармашылық құралдарын жеке контейнерде сақтаған ыңғайлы.
Әр заттың өз орны болса, сабақтан кейін жұмыс үстелін жинау да оңайырақ болады.
Күнделікті және сирек қолданылатын заттарды бөліңіз
Бала күн сайын қолданатын қалам, қарындаш, сызғыш пен дәптерлер қолжетімді жерде тұрғаны дұрыс.
Ал белгілі бір сабаққа ғана қажет болатын бояулар, пластилин, қосымша қағаз немесе басқа құралдарды бөлек сақтауға болады. Осылайша оқу орны артық заттарға толмайды.
Баланы ұйымдастыруға қатыстырыңыз
Оқу орнын тек ата-ана ұйымдастырып қоймай, бұл процеске баланы да қатыстырған дұрыс.
Оған қаламдарын қайда сақтағысы келетінін, дәптерлерді қалай орналастыру ыңғайлы екенін таңдауға мүмкіндік беріңіз. Жұмыс орны балаға ұнаса, оны реттеп ұстауға да қызығушылығы артуы мүмкін.
Оқу орнын жаңа оқу жылына дайындаңыз
Оқу жылы басталар алдында үстелді артық заттардан босатып, өткен жылдан қалған құралдарды тексеріп шығыңыз. Жазбай қалған қаламдарды, пайдаланылған дәптерлерді және қажетсіз қағаздарды алып тастап, қажетті заттарды толықтыруға болады.
Осылайша 1 қыркүйекке қарай баланың оқу орны жаңа сабақтарға дайын болады.
Мектепке «АНВАР»-мен бірге дайындалыңыз
«АНВАР»-дағы Мектеп жәрмеңкесінде жаңа оқу жылына қажетті кеңсе тауарларын, дәптерлерді, шығармашылыққа арналған құралдарды және оқуды ұйымдастыруға көмектесетін түрлі керек-жарақтарды таңдауға болады.
Мектепке дайындықты алдын ала бастап, балаңызға ыңғайлы оқу кеңістігін бірге ұйымдастырыңыз.
-
При подготовке к новому учебному году стоит подумать не только о рюкзаке, тетрадях и канцтоварах, но и о месте, где ребёнок будет заниматься дома.
Удобное и организованное рабочее пространство помогает быстрее находить нужные принадлежности, готовиться к занятиям и поддерживать порядок. При этом полностью переделывать комнату необязательно — достаточно учесть несколько основных моментов.
Выделите постоянное место для занятий
По возможности у ребёнка должно быть постоянное место для учёбы. Это может быть отдельный письменный стол или небольшой учебный уголок дома.
Главное, чтобы ребёнку было удобно сидеть, а лишние предметы вокруг не отвлекали во время занятий.
Обратите внимание на освещение
Рабочий стол желательно расположить там, где достаточно естественного света. Для занятий вечером или в пасмурную погоду понадобится дополнительное освещение.
Важно, чтобы рабочая поверхность была хорошо освещена, а на книгу или тетрадь не падала мешающая тень.
Проверьте стол и стул
Во время выполнения домашних заданий ребёнок проводит за столом достаточно много времени, поэтому мебель должна подходить ему по росту и быть удобной.
В сидячем положении ноги должны иметь опору, а ребёнку не должно приходиться сильно наклоняться над столом. По мере роста школьника параметры рабочего места стоит периодически проверять.
Не заставляйте стол лишними вещами
Красивые ручки, блокноты и разные школьные мелочи хочется держать на виду, но превращать рабочий стол в место хранения всей канцелярии не стоит.
Оставьте под рукой то, что используется ежедневно. Остальные принадлежности можно убрать в ящики, на полки или в органайзеры.
Чем свободнее рабочая поверхность, тем проще поддерживать на ней порядок.
Организуйте хранение канцтоваров
Ручки и карандаши удобно хранить в стакане или органайзере, бумаги и тетради — в отдельных папках, а краски, кисти, клей и другие принадлежности для творчества — в отдельном контейнере.
Когда у каждой вещи есть своё место, ребёнку проще самостоятельно убирать рабочий стол после занятий.
Разделите вещи по частоте использования
То, чем школьник пользуется каждый день, лучше разместить в пределах лёгкой доступности: ручки, карандаши, линейку, основные тетради.
Краски, пластилин, дополнительные материалы и принадлежности для отдельных предметов можно хранить отдельно и доставать по необходимости. Так рабочее место не будет перегружено.
Организуйте пространство вместе с ребёнком
Необязательно решать за ребёнка, где будет лежать каждая вещь. Предложите ему самому выбрать, где удобнее хранить ручки, тетради или принадлежности для творчества.
Если ребёнок участвует в организации своего рабочего пространства, ему будет проще ориентироваться в нём и поддерживать установленный порядок.
Подготовьте рабочее место к новому учебному году
Перед началом занятий освободите стол от лишнего и проверьте принадлежности, оставшиеся с прошлого года. Ненужные бумаги и использованные тетради можно убрать, а недостающие канцтовары — пополнить.
Так к началу учебного года у ребёнка будет готовое и организованное место для занятий.
Готовимся к школе вместе с «АНВАР»
На Школьной ярмарке в «АНВАР» можно подобрать канцтовары, тетради, принадлежности для творчества и другие полезные мелочи для организации учёбы.
Начинайте подготовку заранее и создавайте удобное пространство для нового учебного года вместе с ребёнком.

