Асқабақ — күздің, үй жылуы мен маусымдық тағамдардың басты белгілерінің бірі. Одан хош иісті пісірмелерден бастап, нәзік сорпаларға дейін көптеген дәмді тағам дайындауға болады.
«АНВАР» сауда желісіндегі балғын асқабақпен бірге күздің жарқын дәмдер маусымын ашыңыз. Алдымен кілегей қосылған асқабақ крем-сорпасын дайындауды ұсынамыз. Ол қою, хош иісті әрі үйдегідей дәмді болады.
Асқабақ крем-сорпасы — 30 минутта
Асқабақ, пияз және кілегей — бойға жылу сыйлайтын дәмді күзгі сорпаға арналған қарапайым үйлесім.
Қажетті ингредиенттер
- асқабақ — 500 г;
- пияз — 1 дана;
- кілегей — 150 мл;
- су немесе көкөніс сорпасы — 500 мл;
- өсімдік майы — 1 ас қасық;
- тұз бен бұрыш — талғамға қарай;
- кептірілген нан — ұсынуға арналған.
Асқабақ крем-сорпасын қалай дайындауға болады?
- Асқабақ пен пиязды тазалап, шағын бөліктерге тураңыз.
- Пиязды өсімдік майына аздап қуырыңыз.
- Асқабақты қосып, үстіне су немесе көкөніс сорпасын құйыңыз. Көкөністер жұмсарғанша шамамен 20 минут пісіріңіз.
- Дайын сорпаны блендермен біркелкі болғанша ұсақтаңыз.
- Кілегей, тұз және бұрыш қосып, араластырыңыз. Қайнатпай, баяу отта қыздырыңыз.
- Асқабақ крем-сорпасын ыстық күйінде ұсынып, үстіне қытырлақ кептірілген нан қосыңыз.
Крем-сорпаға арналған асқабақты қалай таңдаған дұрыс?
Сорпа дайындау үшін жұмсағы тығыз әрі түсі қанық піскен асқабақты таңдаған дұрыс. Жұмсағының түсі неғұрлым ашық болса, дайын тағам соғұрлым тәбетті көрінеді. Асқабақтың қабығы қатты, зақымданбаған және жұмсарған жерлері жоқ болуы керек.
Небәрі 30 минут — хош иісті күзгі тағам дайын. Жылдам, дәмді әрі үйдегідей!
-
Нежный тыквенный крем-суп со сливками — простой рецепт согревающего осеннего блюда за 30 минут.
Тыква — один из главных символов осени, домашнего уюта и сезонных блюд. Из неё можно приготовить множество вкусных угощений: от ароматной выпечки до нежных супов.
Открывайте сезон ярких осенних вкусов вместе со свежей тыквой в торговой сети «АНВАР». А начать предлагаем с простого тыквенного крем-супа со сливками — густого, ароматного и по-домашнему вкусного.
Тыквенный крем-суп за 30 минут
Тыква, лук и сливки — простое сочетание для вкусного и согревающего осеннего супа.
Ингредиенты
- тыква — 500 г;
- репчатый лук — 1 шт.;
- сливки — 150 мл;
- вода или овощной бульон — 500 мл;
- растительное масло — 1 ст. л.;
- соль и перец — по вкусу;
- сухарики — для подачи.
Как приготовить тыквенный крем-суп
- Очистите тыкву и лук, затем нарежьте их небольшими кусочками.
- Слегка обжарьте лук на растительном масле.
- Добавьте тыкву, залейте водой или овощным бульоном и варите около 20 минут, пока овощи не станут мягкими.
- Измельчите суп блендером до однородной консистенции.
- Добавьте сливки, соль и перец, перемешайте и прогрейте суп, не доводя до кипения.
- Подавайте тыквенный крем-суп горячим, дополнив его хрустящими сухариками.
Как выбрать тыкву для крем-супа
Для приготовления супа лучше выбирать спелую тыкву с плотной мякотью и насыщенным цветом. Чем ярче мякоть, тем аппетитнее получится готовое блюдо. Кожура должна быть твёрдой, без повреждений и мягких участков.
Всего 30 минут — и ароматный осенний обед готов. Быстро, вкусно и по-домашнему!

