Күз — піскен әрі хош иісті алмұрттың маусымы. Бұл шырынды жемісті жеке жеуге де, үй пісірмелерін дайындауға да болады.
«АНВАР» сауда желісінен балғын маусымдық алмұрттарды таңдап, осы күздің ең жайлы бәлішін дайындаңыз. Жұмсақ қамыр, тәтті алмұрт тілімдері мен даршынның хош иісі отбасылық шай дастарханына ерекше жылулық сыйлайды.
Алмұрт қосылған оңай бәліш
Пісіру уақыты: 35–40 минут
Пісіру температурасы: 180 °C
Қажетті ингредиенттер
- алмұрт — 3–4 дана;
- жұмыртқа — 2 дана;
- қант — 100 г;
- сары май — 100 г;
- ұн — 150 г;
- қамыр қопсытқыш — 1 шай қасық;
- даршын — талғамға қарай.
Алмұрт қосылған бәлішті қалай дайындауға болады?
- Жұмыртқа мен қантты біркелкі масса болғанша жақсылап араластырыңыз.
- Сары майды ерітіп, сәл суытыңыз да, жұмыртқа қоспасына қосыңыз.
- Ұн мен қамыр қопсытқышты салып, қамырды біркелкі болғанша араластырыңыз.
- Дайын қамырды пісіруге арналған қалыпқа құйыңыз.
- Алмұрттарды жуып, тілімдерге бөліңіз де, қамырдың бетіне орналастырыңыз.
- Үстіне талғамыңызға қарай даршын себіңіз.
- Бәлішті алдын ала 180 °C-қа дейін қыздырылған пеште 35–40 минут пісіріңіз.
Бәліштің піскенін ағаш таяқшамен тексеруге болады: қамырға сұғып алған кезде таяқша құрғақ болып шығуы керек.
Бәлішке арналған алмұртты қалай таңдаған дұрыс?
Пісіруге піскен, бірақ тым жұмсақ емес алмұрттар жақсы жарайды. Олар пісіру кезінде пішінін сақтап, тым көп шырын бөлмейді. Зақымданбаған және жұмсарған жерлері жоқ жемістерді таңдаңыз.
Үй бәлішіне қажетті балғын алмұрт пен басқа да ингредиенттерді «АНВАР» сауда желісінен таба аласыз. Сүйікті шайыңызды демдеп, күзгі кештерді үй жылуына толтырыңыз!
-
Открывайте сезон груш вместе с «АНВАР» и приготовьте ароматный домашний пирог с корицей.
Осень — сезон спелых и ароматных груш. Эти сочные фрукты хороши не только сами по себе, но и прекрасно подходят для домашней выпечки.
Выбирайте свежие сезонные груши в торговой сети «АНВАР» и приготовьте самый уютный пирог этой осени. Нежное тесто, сладкие ломтики груши и аромат корицы создают простое сочетание для семейного чаепития.
Простой пирог с грушами
Время выпекания: 35–40 минут
Температура: 180 °C
Ингредиенты
- груши — 3–4 шт.;
- яйца — 2 шт.;
- сахар — 100 г;
- сливочное масло — 100 г;
- мука — 150 г;
- разрыхлитель — 1 ч. л.;
- корица — по вкусу.
Как приготовить пирог с грушами
- Взбейте яйца с сахаром до однородной массы.
- Растопите сливочное масло, немного остудите и добавьте к яичной смеси.
- Всыпьте муку и разрыхлитель, затем тщательно перемешайте тесто.
- Перелейте тесто в форму для выпечки.
- Груши вымойте, нарежьте дольками и выложите поверх теста.
- Посыпьте пирог корицей.
- Выпекайте в разогретой до 180 °C духовке в течение 35–40 минут.
Готовность пирога проверьте деревянной шпажкой: после прокалывания теста она должна оставаться сухой.
Как выбрать груши для пирога
Для выпечки лучше подойдут спелые, но достаточно плотные груши. Они сохранят форму во время приготовления и не выделят слишком много сока. Обратите внимание на плоды без повреждений и слишком мягких участков.
Свежие груши и другие необходимые ингредиенты для домашнего пирога можно найти в торговой сети «АНВАР». Готовьте с удовольствием, заваривайте любимый чай и наполняйте осенние вечера домашним уютом!

