Анардың шырынды дәндері, жұмсақ тауық еті мен ірімшік үйлескен бұл салат мерекелік дастарқанға көрік береді. «3 желания» майонезі қабаттардың дәмін біріктіріп, ал анар жеңіл қышқылтым дәм қосады. «АНВАР»-мен бірге әдемі әрі дәмді салат дайындаңыз!
Құрамы
-
Тауық еті — 300 г
-
Анар — 1 дана
-
Жұмыртқа — 3 дана
-
Қатты ірімшік — 100 г
-
Сәбіз — 1 дана
-
«3 желания» майонезі — 3–4 ас қасық
-
Тұз — дәміне қарай
Дайындау тәсілі
-
Тауық еті мен сәбізді дайын болғанша қайнатып, суытыңыз. Сәбіздің қабығын аршыңыз.
-
Жұмыртқаларды әбден пісіріп, суытыңыз және қабығын аршыңыз.
-
Тауық етін ұсақтап тураңыз. Жұмыртқа, сәбіз және ірімшікті үккіштен өткізіп, бөлек ыдыстарға салыңыз.
-
Анарды тазалап, дәндерін бөліп алыңыз.
-
Салатты тәрелкеге қабаттап салыңыз: алдымен тауық еті, содан кейін сәбіз, жұмыртқа және ірімшік. Әр қабатқа «3 желания» майонезін жұқалап жағыңыз. Қажет болса, дәміне қарай аздап тұз қосыңыз.
-
Салаттың бетін анар дәндерімен толық жабыңыз.
-
Бетін жауып, тоңазытқышқа кемінде 1 сағатқа қойыңыз.
Осы уақыт ішінде қабаттарға майонез сіңіп, салаттың дәмі үйлесе түседі. Салқын күйінде ұсыныңыз.
Мерекелік дастарқанды «АНВАР»-мен дайындаңыз
Тауық еті, анар, көкөністер, ірімшік және «3 желания» майонезін «АНВАР» сауда желісінен таңдаңыз. Салатқа қажетті өнімдерді бір жерден алып, жақындарыңызға ерекше тағам дайындаңыз.
-
Сочные гранатовые зёрна, нежная курица и сыр — сочетание, которое украсит праздничный стол. Майонез «3 желания» объединяет слои, а гранат добавляет приятную кислинку. Готовим вместе с «АНВАР» нарядный салат из простых ингредиентов!
Ингредиенты
-
Куриное мясо — 300 г
-
Гранат — 1 шт.
-
Яйца — 3 шт.
-
Твёрдый сыр — 100 г
-
Морковь — 1 шт.
-
Майонез «3 желания» — 3–4 ст. л.
-
Соль — по вкусу
Приготовление
-
Отварите курицу и морковь до готовности, остудите. Очистите морковь.
-
Сварите яйца вкрутую, остудите и очистите.
-
Мелко нарежьте курицу. Натрите яйца, морковь и сыр, разложите по отдельным ёмкостям.
-
Очистите гранат и отделите зёрна.
-
Соберите салат на тарелке слоями: курица, морковь, яйца и сыр. Каждый слой смажьте тонким слоем майонеза «3 желания». При необходимости немного посолите по вкусу.
-
Полностью покройте верх салата гранатовыми зёрнами.
-
Накройте и уберите в холодильник минимум на 1 час.
За это время слои пропитаются, а вкус салата станет более гармоничным. Подавайте охлаждённым.
Всё для праздничного стола — в «АНВАР»
Курицу, гранат, овощи, сыр и майонез «3 желания» выбирайте в торговой сети «АНВАР». Соберите ингредиенты в одном месте и приготовьте для близких салат, который порадует вкусом и красивой подачей.

