Сырты қызарып піскен, еті жұмсақ әрі хош иісті қой қабырғаларын «АНВАР» өнімдерімен дайындаймыз. «3 желания» маринады, пияз бен сарымсақ қой етінің дәмін толықтыра түседі, ал фольганың астында пісіру еттің сөлін сақтауға көмектеседі.
Бұл тағам отбасылық кешкі асқа да, мерекелік дастарқанға да жарасады.
Құрамы
-
Қой қабырғалары — 1 кг
-
«3 желания» маринады — 150–200 мл
-
Пияз — 2 дана
-
Сарымсақ — 3 түйір
-
Тұз — дәміне қарай
-
Қара бұрыш — дәміне қарай
-
Балғын көк шөп — ұсыну үшін
Дайындау тәсілі
-
Қой қабырғаларын қағаз сүлгімен құрғатып, порциялық бөліктерге бөліңіз.
-
Пиязды жарты сақина түрінде турап, сарымсақты ұсақтаңыз.
-
Қабырғаларға «3 желания» маринадын, пияз бен сарымсақты қосыңыз. Маринад етке біркелкі жағылуы үшін жақсылап араластырыңыз. Маринадтың құрамын ескеріп, қажет болса аздап тұз бен қара бұрыш қосыңыз.
-
Бетін жауып, тоңазытқышта 4–6 сағат немесе түні бойы маринадтаңыз.
-
Қабырғаларды пиязымен және маринадымен бірге пісіруге арналған қалыпқа салыңыз. Фольгамен тығыз жауып, 180 °C-қа дейін қыздырылған пеште 60–90 минут пісіріңіз. Пісіру уақыты бөліктердің көлеміне байланысты: ет жұмсақ болуы керек.
-
Фольганы алып, қабырғалардың сырты қызарғанша тағы 15–20 минут пісіріңіз.
-
Дайын қабырғаларды 5–10 минут қоя тұрыңыз. Балғын көк шөппен безендіріп, ыстық күйінде ұсыныңыз.
«АНВАР»-мен бірге дайындаймыз
Қой қабырғаларын, «3 желания» маринадын, көкөністер мен көк шөпті «АНВАР» сауда желісінен таңдаңыз. Тағамды пеште піскен картоппен немесе көкөніс салатымен толықтырыңыз. Дәмді кешкі асқа қажетті өнімдердің бәрін бір жерден алуға болады.
-
Румяная корочка, нежное мясо и насыщенный аромат — готовим бараньи рёбрышки с продуктами из «АНВАР». Маринад «3 желания», лук и чеснок дополняют вкус баранины, а запекание под фольгой помогает сохранить сочность мяса.
Такое блюдо можно подать к семейному ужину или сделать главным угощением праздничного стола.
Ингредиенты
-
Бараньи рёбрышки — 1 кг
-
Маринад «3 желания» — 150–200 мл
-
Репчатый лук — 2 шт.
-
Чеснок — 3 зубчика
-
Соль — по вкусу
-
Чёрный перец — по вкусу
-
Свежая зелень — для подачи
Приготовление
-
Обсушите бараньи рёбрышки бумажным полотенцем и разделите на порционные кусочки.
-
Нарежьте лук полукольцами, измельчите чеснок.
-
Добавьте к рёбрышкам маринад «3 желания», лук и чеснок. Хорошо перемешайте, чтобы маринад равномерно покрыл мясо. При необходимости добавьте немного соли и чёрного перца, учитывая состав маринада.
-
Накройте и оставьте в холодильнике на 4–6 часов или на ночь.
-
Выложите рёбрышки вместе с луком и маринадом в форму для запекания. Плотно накройте фольгой и поставьте в разогретую до 180 °C духовку на 60–90 минут. Время зависит от размера кусочков: мясо должно стать мягким.
-
Снимите фольгу и запекайте ещё 15–20 минут до румяной корочки.
-
Дайте рёбрышкам отдохнуть 5–10 минут и подавайте горячими, украсив свежей зеленью.
Готовим вместе с «АНВАР»
Бараньи рёбрышки, маринад «3 желания», овощи и зелень для подачи выбирайте в торговой сети «АНВАР». Дополните блюдо запечённым картофелем или овощным салатом — всё для вкусного ужина можно собрать в одном месте.

