Қытырлақ брокколи, тәтті черри қызанағы мен тұзды фета лимон мен сарымсақ қосылған тұздықпен жақсы үйлеседі. Бұл салатты жеке тағам ретінде де, пеште піскен балыққа немесе тауық етіне гарнир ретінде де ұсынуға болады.
Қажетті өнімдер
- Брокколи — 300 г
- Черри қызанағы — 200 г
- Фета ірімшігі — 100 г
- Қызыл пияз — ¼ дана
- Зәйтүн майы — 2 ас қасық
- Лимон шырыны — 1 ас қасық
- Сарымсақ — 1 түйір
- Тұз бен ұнтақталған қара бұрыш — дәміне қарай
- Күнжіт немесе самырсын жаңғағы — қалауыңызша
Дайындау тәсілі
- Брокколиді ұсақ гүлшоғырларға бөліп, тұз қосылған қайнаған суда 3–4 минут пісіріңіз. Брокколи сәл қытырлақ болып қалуы керек.
- Жасыл түсін сақтау үшін брокколиді бірден салқын суға салыңыз. Суыған соң сүзгіге салып, суын сорғытыңыз.
- Черри қызанақтарын екіге бөліңіз. Қызыл пиязды жұқалап жарты сақина түрінде, ал фетаны текшелеп тураңыз.
- Тұздық дайындау үшін зәйтүн майын, лимон шырынын, ұсақталған сарымсақ пен қара бұрышты араластырыңыз. Фетаның тұзды екенін ескеріп, тұзды дәміне қарай қосыңыз.
- Көкөністер мен фетаны ыдысқа салып, үстіне тұздық құйыңыз. Ақырын араластырып, қалауыңызша күнжіт немесе самырсын жаңғағын себіңіз.
Кеңес. Брокколиді 4–5 минут буға пісіруге де болады. Сонда ол пішінін сақтап, сәл қытырлақ болып қалады. Салатты ұсынар алдында аздап бальзамик тұздығын құйып, жеңіл қуырылған самырсын жаңғағын сеуіп көріңіз.
-
Слегка хрустящая брокколи, сладкие помидоры черри и солоноватая фета хорошо сочетаются с лимонно-чесночной заправкой. Салат можно подать как самостоятельное блюдо или на гарнир к запечённой рыбе или курице.
Ингредиенты
- Брокколи — 300 г
- Помидоры черри — 200 г
- Сыр фета — 100 г
- Красный лук — ¼ шт.
- Оливковое масло — 2 ст. л.
- Лимонный сок — 1 ст. л.
- Чеснок — 1 зубчик
- Соль и молотый чёрный перец — по вкусу
- Кунжут или кедровые орешки — по желанию
Приготовление
- Разделите брокколи на небольшие соцветия и варите в кипящей подсоленной воде 3–4 минуты. Соцветия должны остаться слегка хрустящими.
- Сразу переложите брокколи в холодную воду, чтобы сохранить яркий зелёный цвет. Когда она остынет, откиньте её на дуршлаг и дайте воде стечь.
- Разрежьте помидоры черри пополам. Красный лук нарежьте тонкими полукольцами, а фету — кубиками.
- Для заправки смешайте оливковое масло, лимонный сок, измельчённый чеснок и чёрный перец. Добавьте соль по вкусу с учётом того, что фета уже солёная.
- Соедините овощи и фету в салатнице, полейте заправкой и аккуратно перемешайте. По желанию посыпьте кунжутом или кедровыми орешками.
Совет. Брокколи можно приготовить на пару за 4–5 минут. Так соцветия сохранят форму и останутся слегка хрустящими. Перед подачей попробуйте добавить немного бальзамического соуса и слегка поджаренные кедровые орешки.

